Жарнама
Жарнама

“Қайраттың” Конференциялар лигасындағы ықтимал қарсыластары белгілі болды

22.08.2026, 20:49

Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасынан шығып қалған жағдайда, Конференция лигасының негізгі раундында кездесуі мүмкін қарсыластарының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазіргі уақытта "Қайраттың" рейтингі 11.000 құрайды. Осы көрсеткіштің арқасында Алматылық ұжым жеребе тарту рәсімінде 4-ші және 5-ші себеттердің аралығында орналасады.

Рафаэль Уразбахтиннің командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Бельгиялық "Андерлехттен" өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліп, Конференция лигасына түсуге өте жақын тұр.

Конференциялар лигасында "Қайратқа” әр түрлі деңгейдегі Еуропалық ұжымдар қарсылас атануы ықтимал.

– 1-ші себет: Мұндағы ең азулы қарсылас — Италиялық "Аталанта". Сонымен қатар "Брага" (Португалия), "Рейнджерс" (Шотландия), "Аякс” (Нидерланд), "Фрайбург" (Германия) және "Монако" (Франция) сияқты клубтар бар.

– 2-ші себет: "Копенгаген" (Дания), "Виктория" (Пльзень, Чехия) және Әзербайжандық "Қарабақ".

– 3-ші себет: Ағылшын Премьер лигасының өкілі "Брайтон”. 

– 4-ші себет: Испаниялық "Хетафе”. 

– 5-ші себет: Түркиялық "Трабзонспор".

– 6-шы себет: Швейцариялық "Тун” клубы.

Осылайша, "Қайрат” Еуропа лигасының іріктеуінен өте алмаса, Конференция лигасының жаңа форматында осындай деңгейдегі клубтармен күш сынасуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров