Ағылшын Премьер лигасының ресми аккаунты Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың "Челси" сапындағы маусымалды дайындық кезіндегі жарқын өнерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
17 жасар Қазақстандық форвард Аустралияның "Вестерн Сидней Уондерерс" клубына қарсы өткен жолдастық кездесуде көзге түсті. Сатпаев ойынның 6-минутында гол соғып, командасын алға шығарды. Тартысты өткен бұл матч 6:4 есебімен Лондондықтардың пайдасына аяқталған болатын.
Бұл Дастанның "Челсидің" негізгі құрамындағы алғашқы ойыны болды. Бұған дейін ол "Кроули Таун" (3:1) және "Броумли" (3:0) командаларына қарсы өткен жабық кездесулерде екінші таймда алаңға шыққан болатын.
АПЛ-дың баспасөз қызметі Сатпаевқа арнайы материал арнап, оны "әсерлі жас талант" деп атады. Лондондағы клубтың парақшасында жарияланған Дастанның голы салынған видео бір миллионға жуық лайк жинап, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Біздің серіктес: FONBET