Отандық маман Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының Армения мен Венгрияға қарсы өтетін жолдастық кездесулеріне байланысты болжамын беріп, Талғат Байсуфинов шәкірттеріңің мүмкіндіктерін таразылады.
«Не айтуға болады? Екі қарсылас та оңай емес. Бірінші Арменияға қарсы ойнаймыз. Олардың да жолы болмады. Іріктеу циклын айтып отырмын. Осыған дейін Қазақстанды шақырып, ұтып еді. Содан кейін шаруалары сәл түзелгендей көрінген. Енді тағы да солай істейін деп отырған сияқты. Армениямен тең ойнауға болады. Өз алаңында болған соң олар барын салады. Меніңше, тең нәтиже тіркеледі. Мұнда маңыздысы, кім өзінің мүмкіндіктерін іске асырады, сол жеңеді. Ал венгрлер Армениядан мықтырақ. Венгрия – Қазақстан кездесуіндегі айқын фаворит – алаң иелері. Біздің команда қарымта шабуылдарға сенім артатын секілді. Бұл ойындар Ұлттар лигасына дайындық кезеңі. Күздегі матчтардың алдында шамамызды бір бағамдап алуға жақсы мүмкіндік», - деді танымал маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Қазақстан 6-маусымда Армения, 9-маусымда Венгрияға қарсы тұрады. Қос ойын да сырт алаңда өтпек.
Біздің серіктес: FONBET