Жарнама
Жарнама

“Ол бізді қиын сәттерде құтқара алмайды” – ҚФФ Байсуфиновтан құтылудың құпия жоспарын дайындауда, Ұлттық құраманы Еуропа лигасының чемпионы басқармақ ба?

Бүгін, 09:54

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың креслосы шайқала бастады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Белгілі спорт журналисі Александр Троицкийдің мәліметіне сүйенсек, Ұлттық құраманың алдағы Венгрияға қарсы жолдастық кездесуі Талғат Маруанұлы үшін соңғы матч болуы әбден мүмкін. Тіпті команда жеңіске жетсе де, басшылық оны қызметінен қууға тас-түйін дайын отырған сыңайлы.

ҚФФ шешімі: Басшылық неліктен Байсуфиновқа қарсы?

Дереккөздің хабарлауынша, Қазақстан футбол федерациясының басшылық құрамы қазіргі уақытта Талғат Байсуфиновтың әдіс-тәсілдеріне көңілі толмайды. Олар “Маруанұлы ұлттық құрамаға дәл қазір ауадай қажет деңгейдегі маман емес” деген ойда.

Егер бапкер өз орнында қалатын болса, федерация команданы тығырыққа тірейтін мынадай қатал қадамдарға баруы мүмкін:

– Қаржыны шектеу: Ұлттық құраманы қаржыландыру көлемі шұғыл түрде қысқартылады.

– Сыйақыдан қағылу: Бұл шешім футболшылардың алатын сыйақыларына тікелей соққы болып тиеді.

– Дайындықтың нашарлауы: Шетелдік оқу-жаттығу жиындары шектеліп, жолдастық матчтарға мықты қарсыластар табу қиындайды.

“Тоттенхэмнің” бұрынғы бапкері келе ме?

Александр Троицкий бас бапкер лауазымына негізгі үміткерлердің бірі ретінде әлемге танымал маман, Австралиялық Анге Постекоглудың есімін атады. Естеріңізге сала кетсек, жуырда ғана ҚФФ-ның бас хатшысы қызметіне тағайындалған шетелдік маман Скотт Манн кезінде Ағылшындық “Тоттенхэм” клубында дәл осы Постекоглумен бірге табысты жұмыс істеген болатын.

Алайда, журналист бұл ақпараттың ресми инсайд емес, тек Скотт Манн мен Австралиялық бапкердің өткендегі тығыз байланысына сүйене отырып жасалған өз жеке пайымдауы екенін ескертті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров