Жарнама
Жарнама

“Астана” ойыншысы Әлем чемпионатында нәтижелі пас берді

Бүгін, 13:32

Елордалық "Астананың" жартылай қорғаушысы Иван Башич 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатында нәтижелі пас беріп, тарихи көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Сиэтлде өткен В тобының соңғы туры аясында Босния және Герцеговина құрамасы Катармен кездескен еді.

Ойынның 29-минутында Иван Башичтің шығарған  пасынан кейін Керим Алайбегович есеп ашып, Босниялықтарды алға шығарған болатын. Қорытынды есеп 3:1, Босниялықтардың пайдасына шешіліп, плей-оффқа жолдама алды.

"Астана” хавбегі — Қазақстан Премьер лигасы тарихында Әлемдік додада бақ сынап жатқан ең алғашқы футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров