Шотландиялық "Хартс" клубы мен Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков жақын арада "Ақтөбе" сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Daily Record басылымының хабарлауынша, 26 жасар Қазақстандық вингер шотландиялық футболға ауысқанына небәрі алты ай болса да, командадан кетуге дайын. Қазіргі уақытта "Ақтөбе" "Хартспен" де, футболшының өзімен де келісімшарт жасасуға өте жақын тұр.
Осыған дейін Ислам Чесноков өзінің бұрынғы клубы Қостанайлық "Тобылға" қайта оралады деген сыбыстар шыққан болатын. Алайда, "Ақтөбе” басшылығы футболшыға өте тиімді келісімшарт ұсынып, оны өздеріне шақыруға көндірген сыңайлы. Бұл бәсекеде Шымкенттік “Ордабасы” да бар.
Шотландия Премьер лигасының күміс жүлдегері атанған "Хартс” клубында биылғы жазда үлкен өзгерістер орын алуда.
Бас бапкер Дерек Макиннес пен капитан Лоуренс Шенкленд "Рейнджерске” ауысса, қорғаушы Майкл Штайнвендер Германиялық "Бохумға” қосылды.
Ислам Чесноков командадан дәл жаңа бас бапкер Ваутер Вранкенс жұмысқа кіріскен сәтте кеткелі тұр.
Біздің серіктес: FONBET