Жарнама
Жарнама

Азамат Абдураимов: “Қазақстан да бір күні әлем чемпионатына шығады”

Бүгін, 17:25

Өзбекстан құрамасының аңызы Азамат Абдураимов Қазақстан құрамасы туралы жылы пікір білдіріп, екі ел футболының деңгейі шамалас екенін айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Абдураимовтың айтуынша, Өзбекстанның әлем чемпионатына шығуы – бүкіл Орталық Азия футболы үшін үлкен жетістік. Ол Қазақстан құрамасының да болашақта мұндай деңгейге жететініне сенетінін жеткізді.

"Біз Қазақстанмен шамалас деңгейдеміз. Сондықтан Қазақстан құрамасы да бір күні әлем чемпионатына жолдама алады деп сенемін. Ең бастысы – командада чемпиондық рух болуы керек.” – деді Өзбек футболының ардагері Prosports.kz сайтына берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ, Өзбекстан құрамасының АҚШ-тағы матчтарына барып, жанкүйер болуды жоспарлағанын, футболшыларға жеңімпаз рухын жеткізудің маңызды екенін, Қазақстанның да әлем чемпионатына шығуға әлеуеті жететінін атап өтті.

Абдураимовтың пікірінше, Қазақстан футболының болашағы жарқын, ал табысқа жетудің басты кілті – тұрақты даму мен жеңіске деген сенім.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров