Жарнама
Жарнама

“Жас ойыншы негізгі құрамға ене алмайды” – Сарапшы Дастан Сәтпаевтың “Челсидегі” болашағы туралы ауыз ашты

Бүгін, 15:50

Ұлыбританиялық сарапшы әрі журналист Джеймс Четтл Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың “Челси” клубындағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, Сәтпаевты сатып алу – Лондондық клубтың жас әрі дарынды футболшыларға негізделген трансферлік саясатының бір бөлігі. Алайда ең маңыздысы – футболшыны бірден негізгі құрамға қосу емес, оның дамуын дұрыс жоспарлау.

Джеймс Четтл:

“Челси” Сәтпаевтың әлеуетін толық ашуы үшін нақты даму жоспарын құруы қажет. Әрбір жас ойыншы бірден негізгі құрамға ене бермейді, сондықтан оның кезең-кезеңімен дамуына жағдай жасалуы тиіс.” – дейді ол BAQ.KZ сайтына берген сұхбатында.

Сарапшының пікірінше:

– Сәтпаев – үлкен әлеуетке ие ойыншы

– “Челси”оны асықтырмай, біртіндеп дамытуды көздейді

– Клуб оған арнайы бағдарлама жасап, кәсіби өсуіне жағдай жасауы керек

– Жас шабуылшының болашағы дұрыс басқаруға байланысты болады.

Еске сала кетейік, 17 жастағы Дастан Сәтпаев жақын арада Англияға барып, “Челсидің” маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуы жоспарлануда. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров