Шымкенттік "Ордабасы" клубының ортақ қожайыны Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде команданың алдағы трансферлік жоспарларына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жанкүйерлердің бірі одан: "Бейбіт аға, тағы трансферлер бола ма? Әлде осымен тоқтаймыз ба?” — деп сұраған. Клуб жетекшісі бұл сұраққа қысқа қайырып: "Мүмкін тағы бір Қазақстандық футболшыны қатарға қосармыз.” — деп жауап берді.
Бейбіт Әлібеков нақты есімді атамағанымен, БАҚ бұл орынға басты үміткерлерді атап үлгерді. Қазіргі таңда шымкенттік клубтың назарына ілінген негізгі Қазақстандық ойыншылар:
– Ислам Чесноков: Шотландиялық "Хартс” сапындағы құрама шабуылшысына "Тоболдан" бөлек, "Ордабасы" да ресми ұсыныс жасап, трансферді толық сатып алуға дайын отыр.
– Асхат Тағыберген: Капитанының Шымкентке қайта оралуы мүмкін екендігі туралы сыбыстар да толастар емес.
“Ордабасы” әзірге 14 матчтың ешқайсысында жеңілмей, 34 ұпаймен ҚПЛ кестесінің шыңында жеке-дара келеді.
Біздің серіктес: FONBET