Жарнама
Жарнама

“Астананың” қорғанысы қайта тіріле ме? – Литвалық жасыл алаңға оралуға жақын

16.04.2026, 13:36

Елордалық клубтың қорғаныс шебіндегі негізгі күштерінің бірі Кипрас Кажуколовас жақын арада жасыл алаңға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Литвалық легионердің қазіргі жағдайы мен болашағы туралы тың мәліметтермен оның агенті Саулюс Миколюнас ASnews.kz сайтына берген сұхбатында бөлісті.

Қазіргі таңда Кажуколовас Біріккен Араб Әмірліктерінде арнайы мамандардың бақылауымен оңалу курсынан өтіп жатыр. Агенттің айтуынша, футболшы қатарға қосылу үшін күніне 4-5 сағат бойы тынымсыз жаттығады.

“Кипрас – рухы мықты жігіт. Тізе жарақаты оны жасыта алған жоқ. Бір аптадан соң ол Астанаға ұшып келіп, қалпына келудің шешуші кезеңіне кіріседі. Оны алаңнан жаз айларында көріп қалуымыз әбден мүмкін.”  – дейді Саулюс Миколюнас.

Маусым басында Кажуколовасқа Еуропаның топ чемпионаттарынан, атап айтқанда Италия мен Швейцария клубтарынан ұсыныстар түскен. Алайда, ауыр жарақат бұл жоспарларға аздап кедергі келтіргенімен, футболшының клуб ауыстыруға асығар түрі жоқ.

Агенттің сөзіне сенсек, Кипрасқа Қазақстандағы өмір де, бас бапкер Григорий Бабаянның жұмыс істеу стилі де ұнайды. “Астананың” қазіргі басынан өткеріп жатқан қиындықтарына қарамастан, қорғаушы командасына адал болып қалмақ.

Қазіргі таңда “Астананың” қорғаныс шебі нағыз кризисті бастан кешуде. Бранимир Калаицаның да жарақат алып қалуы жағдайды қиындата түсті. Григорий Бабаян амалдың жоқтығынан орталық қорғаушының орнына "Қайратқа” қарсы ойында – Дмитрий Шомконы, "Ордабасымен” матчта – Абзал Бейсебековті қоюға мәжбүр болды.

Тәжірибелі Кажуколовастың жазда оралуы – “Астана” үшін керемет жаңалық болары анық. Елордалықтардың қорғаныс қамалы қайта беки ме, оны уақыт көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров