Жарнама
Жарнама

ҚПЛ билеттерінің бағасы баршаға қолжетімді ме?

Бүгін, 14:40

ҚПЛ жанкүйерлері сүйікті командасының матчын тамашалау үшін қанша теңге төлеп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Match KZ мәліметтеріне сүйенсек, биылғы баға саясаты елді біраз таңғалдырып отыр, біреулер үшін футбол — қымбат ләззат, ал кейбір қалаларда стадион есігі айқара ашық.

Билет құны бойынша көш басында Алматының “Қайраты” тұр. Аңызға айналған стадионда футбол көру үшін жанкүйерлер 1500-ден 7000 теңгеге дейін шығындалуы керек. Бұл — лигадағы ең жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ, бағасы едәуір жоғары клубтардың қатарына мыналар кіреді:

– “Жеңіс”: 1000 – 4000 теңге

– “Қайсар”: 1000 – 3000 теңге

–  “Жетісу”: 1750 – 3000 теңге

Елордалық “Астана” мен Шымкенттің “Ордабасы” клубтары бағаны орташа деңгейде ұстап отыр. Ел чемпиондарының ойынын тамашалау құны 800-ден 2500 теңге аралығында құбылады.

Қазақстанның батысы мен солтүстігінде футбол бағасы әлдеқайда қолжетімді. Мәселен, “Ақтөбе” мен “Атырау” жанкүйерлері үшін билет бағасы небәрі 500-700 теңге. Ал Қостанайдың “Тобылы” өз матчтарына 500-1000 теңге аралығында кіргізеді.

Ал мына командалардың үй иесі ретіндегі матчтарына мүлдем тегін кіруге болады:

– “Ұлытау”

– “Қызылжар”

– “Елімай”

– “Оқжетпес”

– “Каспий”

– “Алтай”

Еске сала кетсек, кейбір клубтар инфрақұрылым мәселесі бойынша уақытша өзге қалада, өзге стадиондарда ойындарын өткізуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров