Жарнама
Жарнама

«Балалық арманым орындалды»: Рамазан Кәрімов Словакияға соққан голын ата-анасына арнады

Бүгін, 09:20

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Рамазан Кәрімов Ұлттар лигасының екінші турында Словакияға қарсы өткен матчтан кейін өз голына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Кошице қаласында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы алаң иелеріне 1:2 есебімен жол берді. Ұлттық құраманың жалғыз голын  «Астана» шабуылшысы Рамазан Кәрімов соқты.

Кәрімов үшін бұл голдың орны ерекше. Шабуылшы ұлттық құрама сапында осындай деңгейде гол соғуды бала кезінен армандағанын айтып, өзінің алғашқы голын ата-анасына арнаған.

«Өте өкінішті жеңіліс болды. Меніңше, біз жақсы ойын көрсеттік. Екінші таймда жақсы мүмкіндіктеріміз болды. Енді өз алаңымыздағы екі матчта оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.» — деді Кәрімов.

Шабуылшы өзінің гол соққан сәтін де еске алды. Оның айтуынша, алаңдағы жағдайды пайдаланып, қақпаға соққы жасау туралы нұсқау алған.

«Мен шабуылшымын, гол соғу — менің міндетім. Маған мүмкіндік болса, қақпаға соғу керектігін айтты. Мен де соққы жасадым. Осылайша, балалық арманым орындалды деуге болады. Бұл голымды ата-анама арнаймын.» — деді Қазақстан құрамасының футболшысы.

Кәрімовтың голы Қазақстанға ұпай алып беруге жеткіліксіз болды. Словакия құрамасы кездесудің 82-минутында Давид Ганцконың голының арқасында жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша, Джон ван ’т Схип бастаған Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы екі турында бір ұпай жинады. Ал Словакия екі кездесудің екеуінде де жеңіске жетіп, алты ұпаймен топ көшін бастады.

Қазақстан құрамасы енді Ұлттар лигасындағы келесі матчтарын өз алаңында өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров