Жарнама
Жарнама

«Барселона» аңызы ҚПЛ клубының бас бапкері болуы мүмкін

Бүгін, 07:53

«Барселона» мен Испания құрамасының бұрынғы қақпашысы Виктор Вальдес жаттықтырушы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Испаниялық маман Қызылорданың «Қайсар» клубының бас бапкері лауазымына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Вальдес & Месси
Жарнама
Жарнама

Клуб басшылығы Андрей Ферапонтов кеткеннен кейін жаңа жаттықтырушы іздеумен белсенді айналысуда. Қазіргі уақытта «Қайсардың» қысқа тізімінде бес шетелдік маман бар, олардың арасында Eуропалық футболда танымал есімдер кездеседі.

Бұл тізімде ерекше назар аудартатын тұлға — Виктор Вальдес. Ол ойыншы ретінде мансабының басым бөлігін Каталониялық клубта өткізіп, бірнеше рет Испания чемпионы атанып, үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Футболшы ретіндегі жолын аяқтаған соң, Испаниялық маман бапкерлікпен айналыса бастады.

Дегенмен, Қызылорда клубы әлі де нақты шешім қабылдаған жоқ. Мәлімет бойынша, клуб бір мезгілде бірнеше маманмен келіссөздер жүргізіп жатыр. Жаңа бас бапкерге қатысты мәселе жақын арада шешілуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров