Жарнама
Жарнама

14 мың фунт жалақы, бірақ қалтада 2 мың ғана – Дастан Сәтпаевтың қаржысын кім және не үшін шектеп тастады?

Бүгін, 08:12

Дастан Сәтпаевтың Англиядағы жалақысын пайдалануына қатысты белгілі бір шектеулер бар, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Британдық БАҚ-тың мәліметінше, футболшы өзіне төленетін ай сайынғы соманы толықтай өз еркімен жұмсай алмайды.

Сәтпаевтың ай сайынғы жалақысы шамамен 14 мың фунт стерлингті құрайды. Алайда, келісімшарт талаптарына сәйкес, бұл қаражаттың шамамен 12 мың фунты футболшының ата-анасының атына ашылған арнайы шотқа аударылып отырады. Бұл жинақталған қаражат Дастан 22 жасқа толғанға дейін оның иелігіне берілмейді.

Қазіргі уақытта жас футболшының ай сайын еркін жұмсауына рұқсат етілген сома шамамен 2 мың фунтты ғана құрайды. Мұндай тәжірибе Aғылшын клубтарында жас ойыншылардың қаржылық мүдделерін қорғау және олардың табыстарын ақылмен басқаруды үйрету мақсатында кеңінен қолданылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров