Ағылшындық «The Chelsea Chronicle» басылымының авторы Уилл Батчер Дастан Сатпаевтың «Бёрнлиге» жалға берілуіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Журналист бұл қадамды «Челси» тарапынан жіберілген үлкен қателік деп есептейді.
Сатпаев «Бëрнлиге» ауысқан кезде, Лондондық клуб та, футболшының өзі де мүлдем басқа нәтижені күткен болатын. Болжам бойынша, «Бёрнли» биылғы маусымда Чемпионшипте үстемдік құрып, Ағылшын Премьер лигасына қайта оралу үшін басты үміткерлердің бірі болуы тиіс еді.
Алайда, маусымның алғашқы көрсеткіштері көңіл көншітпей отыр.
«Егер Дастан Сатпаев Чемпионшипте жеңістен көз ашпайтын командаға қосыламын деп ойласа, ол да, «Челси» де қатты қателесті.» — деп жазады Уилл Батчер.
Соңғы өткен ойында «Бёрнли» өз алаңында «Норвичтен» 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. Маусым басталғалы бері команда өткізген үш матчтың нәтижесі төмендегідей:
– «Вест Бромвич» пен «Норвичтен» жеңіліс тапты.
– «Брэдфорд Ситимен» негізгі уақытта тең ойнады.
Журналистің пайымдауынша, Сатпаев сияқты дарынды ойыншы үнемі жеңіске жететін және жоғары орындар үшін күресетін ұжымда тәжірибе жинауы керек еді. Соған қарамастан, статистика бойынша Сатпаев «Норвичке» қарсы ойында алаңдағы ең үздік футболшылардың бірі болғаны атап өтілді.
Біздің серіктес: FONBET