Павлодар футболының тумасы, “Барселона” клубының аңызға айналған “Ла Масия” академиясында тәрбиеленген Алан Ағаев Қазақстан азаматтығын алу жолында кедергіге тап болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазіргі уақытта құқығы Мәскеулік “Родина” клубына тиесілі 21 жасар талантты қорғаушы Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында көк паспорттың неге кешігіп жатқанын ашық айтты. Мемлекет тарапынан қабылданған бұл шешім футболшының алдағы жоспарларын уақытша шегеріп тастағандай.
Жас дарынның мәлімдеуінше, Қазақстан паспортын рәсімдеу процесі жоғары жақта уақытша тоқтатылған. Бұл шешім тек бір ғана спортшыға емес, құжат тапсырған өзге азаматтарға да тікелей әсер етіп отырған көрінеді.
“Паспортқа қатысты қазір ешқандай жаңалық жоқ. Себебі Қазақстанда мемлекеттік деңгейде бұл процесті уақытша тоқтатып қойды. Бұл тек маған ғана емес, құжат күтіп жүрген барлық адамдарға қатысты болып тұр.” — дейді Алан Ағаев.
Алан футболдағы алғашқы қадамдарын Павлодардың “Ертіс” клубында бастаған. Алайда, ерекше таланты мен шеберлігінің арқасында бала күнінде-ақ шетелдік скауттардың көзіне түсіп, 10 жасынан 12 жасына дейін “Барселонаның” әлем таныған басты футбол мектебі “Ла Масияда” доп тепті.
Ойыншының трансферлік құқығы Ресейлік “Родина” (Мәскеу) клубына тиесілі.
21 жасар футболшы артта қалған 2025/2026 жылғы маусымды жалдау мерзімі бойынша “Челябинск” командасының сапында өткізіп, тұрақты ойын практикасына ие болған.
Біздің серіктес: FONBET