Жарнама
Жарнама

Самородов супер статистикасымен Ресейді дүр сілкіндірді – Қазақстандық жұлдызды өз сапына қосу үшін 5 миллион евро төлеуге кімдер дайын?

Бүгін, 16:18

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйлық “Ахматтың” вингері Максим Самородовтың айналасында сұрапыл трансферлік дүрбелең басталды. Ресей Премьер лигасында жарқырап жүрген 23 жасар отандасымыз қысқа уақыт ішінде Еуропалық деңгейдегі жұлдызға айналып, трансферлік құны рекордтық деңгейге көтерілді. Дәл қазір Ресейдің ең дәулетті топ клубтары Қазақстандық шабуылшыны өз сапына қосып алу үшін нағыз соғыс жариялап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ресейлік дереккөздердің хабарлауынша, Самородовқа РПЛ-дің алпауыттары — “Зенит”, “Спартак”, “Локомотив” және “Краснодар” клубтары белсенді түрде қызығушылық танытуда. Мәліметтер бойынша, бұл грандтар қазақ футболшысы үшін 5 миллион еуроға дейін (шамамен 2,5 миллиард теңгеден астам) төлеуге дайын.

Алайда, “Ахмат” басшылығы келісімшарты 2028 жылға дейін жасалған өз көшбасшысын оңайлықпен жібере сала ма деген сұрақ үлкен дау тудырып отыр.

Максимнің мұндай сұранысқа ілігуі кездейсоқтық емес. Өткен маусымда ол “Ахмат” сапында феноменалды ойын көрсетті.

РПЛ-дің 29 матчында гол+пас жүйесі бойынша 15 ұпай (5 гол және 10 нәтижелі пас) жинап, команданың ең үздік ойыншысы атанды.

Барлық турнирлерде жалпы 34 кездесуге қатысып, өз пайдасына 5 гол мен 10 ассист жазды.

Салыстырмалы түрде айтсақ, команданың тағы бір шабуылшысы Садулаев 28 матчта бар-жоғы 3-ақ ұпай (1+2) жинаған. Дәл осы көрсеткіш Макстың ұжым үшін қаншалықты маңызды екенін дәлелдейді.

Бұл сәтті маусым Самородовтың нарықтағы бағасын аспандатып жіберді. Оның трансферлік құны бірден 500 мың еуроға (шамамен 280,4 миллион теңгеге) қымбаттады.

Қазіргі уақытта Максим Самородовтың ресми трансферлік бағасы 3 миллион еуроны (шамамен 1,68 миллиард теңге) құрайды.

Осылайша, 2024 жылдың тамызында “Ақтөбеден” ауысқан Макс бұл көрсеткіш бойынша Дастан Сәтпаевпен теңесіп, Қазақстанның ең қымбат футболшысы мәртебесін өзара бөлісті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров