Жарнама
Жарнама

“Біз оны тұзақ деп атайтынбыз” – Беларусь құрамасының бұрынғы ойыншысы еліміздің футбол инфрақұрылымын жел-жебіріне жетіп сөкті

Бүгін, 11:10

"Атырау" клубы мен Беларусь ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Игорь Стасевич Беларусьтегі спорттық инфрақұрылымның Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде екенін айтып, Қазақстан стадиондарын аяусыз сынады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Беларусьтік легионер отандық клубтардың бюджеті орасан зор болғанымен, бұл қаржының алаңдардың сапасын жақсартуға еш әсер етпей отырғанына таңғалысын жасырмады.

“Инфрақұрылымға келетін болсақ, біздің елде бұл көрсеткіш біршама жоғары деңгейде екені анық. Қазақстандық клубтардың бюджеті біздікінен әлдеқайда көп болса да, жағдай мәз емес. Ондағы көптеген жергілікті командалардың алаңы — жасанды көгал, сапасы өте нашар.” — деді футболшы Прессбол басылымына берген сұхбатында.

Игорь Стасевич өзі өнер көрсеткен батыс өңірінің бас стадионы туралы айта келе, команданың қарсыластарын қалай айламен жеңіп жүргенін де жайып салды. Оның айтуынша, алаңның нашарлығы "Атырау” үшін үлкен басымдыққа айналған.

“Дәл осы "Атыраудың" көгалы өте нашар еді. Біз оны өзара тұзақ деп атайтынбыз. Себебі басқа командалар үшін бұл алаңда ойнау өте қиын әрі тым ауыр соғатын. Ал біз болсақ, ол жерде үнемі жаттыққандықтан, әрбір төмпешік пен бұдырдың қайда жатқанын жатқа білетінбіз. Алаң тегіс емес болатын.” — деп шындықты ақтарды Стасевич.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров