Кешегі болжамды оқу үшін осы жазуды басыңыз.
"Манчестер Юнайтед" - "Шэфилд Юнайтед"
"Манчестер" 5 орынды сақтап қалған күннің өзінде Чемпиондар лигасында ойнауы мүмкін. Себебі, "Мансити" келесі жылы Чемпиондар лигасына қатыспауы мүмкін. УЕФА солай шешім шығарып қойды, негізі. Бірақ, әлі соттасамыз дейді ситиліктер. Көре жатармыз. Бірақ, МЮге не құрлым ұпай жинай беру қажет. Сондықтан да, бұл ойында Сулшердің командасы жеңеді деп отырмын. Өткен ойында Погба мен Рэшфорд алаңға шығып неше түрлі кереметтер жасады. Бруно Фернандеш керемет ойнап жүр. Қорғаныстағы Ван Бисакка шабуылға араласады. "Қызыл сойқандар" жақсылап ойнаса ұта алатыны түсінікті. Бірақ, бір қызық айтайын ба? "Шэфилд" АПЛде қақпасына ең аз гол жіберген команданың бірі. Мысалы, "Ливерпуль" 21 гол жіберсе, "Шэфилд" 28 гол жіберген. Демек, қорғанысы деген сөз. Сол қорғаныстың арқасында 8 орында тұр. Дегенімен, "Юнайтдтің" жіберген голы да көп емес - 31. Голдар саны аз болады деп қоюға да болады. Бірақ, мен МЮ фанаты ретінде жеңіс дегенді алдым.
"Вулверхэмптон" - "Борнмут"
Бар үмітті соңғы матчтарға қойып отырған "Борнмут" қой бұл. команда АПЛде қалғысы келеді. Жанталасып бағып жатыр. Қазір 17 орында. Демек, әлі де мүмкіндік бар. Ал "Вулвз" "Манчестер Юнайтедпен" бірдей ұпай жинап, сәтін салса Чемпиондар лигасына жолдама алып кетсек дейді. Сондықтан да, португалдардың командасы "Борнмутты" аямауы тиіс. "Вулвз" тоталы 1 көп. 1,3 коэф. Қалың экспресстің ішіне салуға болады. Айтпақшы, АПЛде түнгі 1:15те "Ливерпуль" мен "Кристал Пэлас" ойнайды. "Кристал" гол соғады деген бәс қатты ұнап тұр. "Ливерпуль" аса қатты мотивациясыз жүргені көрінеді. Оларға 5 ұпай болса жеткілікті. Өткен матчта Мо Салах алаңға шықпады. Неге екені белгісіз. "Ливер" жеңеді дегенді алуға құлқым жоқ. Жеңсе жеңетін де шығар.
"Алавес" - "Осасуна"
"Осасуна" "Реалға" да, "Барсаға" да гол салған. Қарымта шабуылды керемет ұйымдастырады. Өткенде "Сосьедад" қақпасына лап қойды. Ойыны ұнап қалды. Ал "Алавес" қорғанысы нашар команданың бірі. Екеуі негізі турнирлік кестеде көрші тұр. "Осасуна" бір саты биік. Осы матчта "Осасуна" гол салады деп қояйын деп шештім. Қомақты қаржы қоятындарға бұл бәс дұрыс келе қоймас.
"Реал" Сосьедад - "Сельта"
"Сельта" қалт-құлт етіп жүрген команда. Яго Аспас ойнаса ойнайды, әйтпесе Смолов пен Пионе Систодан қайыр жоқ. Соңғы турларда әбден зардап шеккен "Сосьедад" күйген дүние күйді ғой деп шабуылға шығуы керек. "Реалды" әбден тықсырды өткенде. Аднан Янұзай соққан голды төреші санамады. Осы жолы "Реал" Сосьедад гол салады дегенді ала салдым. Негізі жеңеді.
"Реал" Мадрид - "Мальорка"
"Мальорканың" бомбардирі Будимир ғой. Ол қазір жарақатынан жөнді айыға алмай жүр. Жалпы неше түрлі статистика айтып мыжып отыра беруге болады ғой. Сондықтан да, "Реал" жеңісі.
"Интер" - "Сассуоло"
Антонио Контенің командасы қазір зор. Лукаку мен Лаутаро қорғаныс біткенді айналып өтіп жатыр. "Сампдорияны" осы екі жігіт шашып тастады. Ендігі кезек "Сассуолода". "Интер" ұтады, екі голдан көп гол салады, бұрыштаманы да қатырады. Толығымен бақылау жасайды. Мен бұларға сенемін.
Бонус: "Аталанта" - "Лацио" ойынында екі команда да гол салады деп отырмын. Өте тартысты матч қалай өтеді деп ойлайсыздар? Пікір жазу біздің сайтта тегін. Сондықтан да, мархаббат!
Біздің серіктес: FONBET