Жарнама
Жарнама

“Бұл – жай ғана көзбояушылық” – Қазақстан футболының ардагері ҚПЛ грандының ұстанымын аяусыз сынап тастады

Бүгін, 13:20

Қазақстан футболының ардагері Юсуп Шадиев Премьер лиганың кезекті туры қарсаңында командалардың чемпиондық мүмкіндігіне баға беріп, "Ақтөбенің" трансферлік саясатын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Оның пікірінше, клубтың қазіргі әрекеті нәтиже емес, әсер қалдыруға ғана бағытталған.

Шадиевтің айтуынша, чемпиондық үшін негізгі тартыс "Қайрат” пен "Ордабасы" арасында өрбиді. Ол "Қайраттың” соңғы ойындардағы сенімді жеңістері команданың қайтадан өз бабына келе бастағанын көрсететінін айтты.

"Көпшілік жеті ұпай айырмашылығын айтып жатыр. Бірақ ол ұпайларды әлі алу керек. Чемпиондық жарыс әлі аяқталған жоқ." – деді ардагер маман Prosports.kz сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол, "Ақтөбенің" жазғы трансферлік жұмысына көңілі толмайтынын жасырмады. Оның айтуынша, клуб аты белгілі футболшыларды шақыру арқылы жанкүйерлерді қуантқысы келеді, алайда бұл команданың ойын сапасына айтарлықтай әсер етпейді.

"Бұл – жай ғана жасанды бедел. Футболшының есімі емес, алаңдағы пайдасы маңызды." – деген пікір білдірді Шадиев.

Ол сондай-ақ алдағы турдағы кездесулердің маңыздылығына тоқталып, чемпиондыққа таласатын клубтардың әрбір ұпай үшін күресетінін атап өтті. Бұған қоса, Қазақстан клубтарының Еурокубоктарда лайықты өнер көрсетуіне үміт білдіріп, ішкі чемпионаттағы қарқын халықаралық аренада да жалғасуы тиіс екенін жеткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров