Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасынан қомақты қаржы талап еткен маман Роналдуды баптайды

Бүгін, 13:05

Сауд Арабия чемпионы "Әль-Наср" клубы Аустралиялық маман Анге Постекоглуды бас бапкер қызметіне тағайындағанын ресми түрде жариялады. 60 жастағы бапкермен екі жылдық келісімшарт жасалды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Енді ол Криштиану Роналдумен бірге жұмыс істейтін болады.

Постекоглу үшін бұл — бірнеше айлық үзілістен кейінгі үлкен футболға оралу мүмкіндігі. Бұған дейін ол Ағылшындық "Тоттенхэммен" Еуропа лигасының кубогын ұтып алғанымен, АПЛ-дегі сәтсіздіктен соң қызметінен кеткен еді. Оның соңғы жұмыс орны — "Ноттингем Форест" клубы болды.

“Әль-Наср" басшылығы жаңа бапкерді таныстыру барысында оның "Тоттенхэмдегі” атақты сөзін мысалға келтірді:

"Менің бұған дейінгі барлық клубтарымда оқиға бір сценариймен аяқталатын: соңында мен және кубок бірге боламыз."

Айта кетсек, жақында ғана Анге Постекоглудың есімі бос тұрған Шотландия құрамасымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына үміткерлердің бірі ретінде аталған болатын. Тараптар арасында келіссөздер жүргізілгенімен, маманның жоғары жалақы талабына (жылына шамамен 5 миллион доллар) байланысты Қазақстан футбол федерациясы бұл нұсқадан бас тартқан болатын.

Постекоглу команданы өткен маусымда Сауд Арабиясы про лигасының чемпиондығына жеткізген Португалиялық маман Жорже Жезуштың орнына келіп отыр. Енді оның алдында чемпиондықты қорғау деген үлкен тапсырма тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров