Қазақстандық жас талант Дастан Сатпаевтың мансабында үлкен бетбұрыс орын алды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Standard.co.uk басылымының бағалауынша, Сатпаевтың "Бёрнли” сапында бекіп кетуге және Чемпионшипте шеберлігін шыңдауға барлық мүмкіндігі бар.
Осы жазда Алматының "Қайрат” клубынан Лондондық "Челсиге” ауысқан Дастан алдағы маусымды Чемпионшипте, яғни "Бёрнли" сапында өткізетін болды.
Сатпаев “Ақсүйектердің” Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы матчтарына қатысып, өзін жақсы қырынан көрсетті. Хаби Алонсоның басшылығымен өткен алғашқы жолдастық кездесуде ("Вестерн Сидней Уондерерске" қарсы) ол негізгі құрамда шығып, алтыншы минутта-ақ есеп ашты. Бұл ойын 6:4 есебімен "Челсидің” пайдасына аяқталды. Сонымен қатар, ол "Тоттенхэм" (1:2), "Ювентус" (0:1) және Малайзиялық "Джохор Дарул Тазим" (3:3) клубтарына қарсы ойындарда қосалқы құрамнан алаңға шығып, ойын уақытын алды.
Енді Сатпаев Англияның солтүстік-батысына жол тартып, "Бёрнлидің" жаңа бас бапкері Ники Хайеннің қарамағында өнер көрсетеді. Жас шабуылшыға негізгі құрам үшін Зиан Флеммингпен бәсекелесуге тура келеді.
Басылымның жазуынша, Сатпаевтың басты артықшылығы — оның әмбебаптығы. Ол тек шабуылдың ортасында ғана емес, сонымен қатар:
– Қапталда
– 3-4-2-1 схемасындағы екі шабуылдаушы жартылай қорғаушының бірі ретінде ойнай алады.
Дастан Сатпаев "Челсиге” ауыспас бұрын "Қайраттың" негізгі құрамында 58 матч өткізіп, 26 гол соққан. Сондай-ақ, оның Чемпиондар лигасында ойнау тәжірибесі бар, бұл оның Ағылшын футболына тез бейімделуіне көмектеспек.
Біздің серіктес: FONBET