"Қайраттың" спорттық директоры Арман Бірқұрманов Дастан Сәтпаевтың деңгейіндей жарқырай алатын жаңа таланттың есімін жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Әңгіме биылғы маусымда “Қайраттың” негізгі құрамына қабылданып, Қазақстан Кубогі аясындағы кездесулерде өзінің ерекше ойынымен көзге түскен 18 жасар шабуылшы Азамат Тұяқбаев туралы болып отыр. Клуб басшылығы жас футболшының бойында үлкен әлеует бар екенін жасырмады.
“Азамат — өте қабілетті, техникалық шеберлігі жоғары әрі интеллектісі жақсы дамыған ойыншы. Ол алаңдағы кез келген қиын сәтті бір өзі шеше алады. Бірақ оның төңірегіндегі қауесет сөздер зиянын тигізбесе екен дейміз, себебі оның бұл мақтауларды қалай қабылдап жатқанын нақты білмейміз. Ол әлі де көп жұмыс істеу керек екенін түсінеді деп үміттенемін. Егер аянбай еңбек етсе, Дастандағы сияқты оған да нақты шетелдік ұсыныстар міндетті түрде түседі.” — деді Арман Бірқұрманов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Спорттық директордың айтуынша, дәл қазіргі уақытта Азамат Тұяқбаев бойынша клубқа ешқандай ресми трансферлік ұсыныс түскен жоқ. Дегенмен, ел чемпионатындағы жаңа ережелер жас Қазақстандықтардың бағын ашпақ.
“Азаматты Сәтпаевтың орнын басатын футболшы ретінде көреміз бе? Егер ол команда сапында болса, әрине, біз оған үлкен үміт артамыз — оның әлеуеті өте жоғары. Біз оның негізгі құрамның тұрақты әрі мызғымас ойыншысына айналғанын қалаймыз. Оның үстіне, біздің біріншілікте легионерлерге арналған лимит бұрынғыдан да қатайтылып жатыр.” — деп түйіндеді сөзін клубтың спорттық директоры.
Біздің серіктес: FONBET