Жарнама
Жарнама

“Челсиге” бермейміз, “Юнайтед” келсе ойланамыз” – Жасұлан Әмірге АПЛ алпауыттары көз тікті ма?

05.05.2026, 11:40

Шымкенттік «Ордабасының» президенті Дархан Қызайбаев команданың жас жұлдызы Жасұлан Әмірдің болашағына қатысты пікір білдіріп, еуропалық алпауыттар туралы әзіл аралас жауап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Клуб басшысы жас шабуылшының ойынына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Жасұлан жанкүйерлердің үмітін толық ақтап, әр матчта командаға айтарлықтай пайда тигізіп жүр. Соңғы кездесуде соққан голы оның шеберлігі мен алаңдағы сенімділігін тағы бір дәлелдеді.

“Жасұлан – біздің мақтанышымыз. Ол өзіне артылған сенімді іспен дәлелдеп келеді. Оның соңғы ойыны мен голы – үлкен еңбектің нәтижесі.” – деді функционер.

Жас шабуылшының Eуропалық клубтарға ауысу ықтималдығы туралы сұраққа "Ордабасы” басшысы әзілмен жауап қатты. 

"Жасұланды "Челсиге" жібермейміз. Одан да біз онымен бірге Лондондықтарды ұтқанымыз артық.” – деп әзілдеді Қызайбаев.

Алайда, Ағылшынның тағы бір гранды – "Манчестер Юнайтедке" қатысты есікті ашық қалдырды. Ол әзірге “Қызыл сойқандарданх ешқандай ресми ұсыныс түспегенін, бірақ мұндай нұсқаны қарастыруға болатынын меңзеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров