Қазақстан Премьер лигасының төрешілерінің бірі интернет-алаяқтардың құрығына түсті, деп хабарлайды Aladop.kz.
ASnews.kz сайтының мәліметінше, қаскөйлер ресми тұлғаның жеке деректерін иемденіп, оның атынан футбол қауымдастығының өкілдерін тақырға отырғызған.
Белгісіз тұлғалар төрешінің мессенджердегі аккаунтын бұзып алып, оның атынан таныстарына жаппай хабарлама жібере бастаған. Хатта "шұғыл қаржылай көмек қажет" деген өтініш айтылған.
Бұл жалған хабарламалар келесі тұлғаларға жолданды:
– ҚПЛ-дағы әріптес төрешілер
– Кәсіби футболшылар мен жаттықтырушылар
– Ұлттық құраманың бұрынғы бапкерлер штабының мүшелері
Төрешіні жақсы танитын әріптестері мен достары еш күдіктенбестен, көрсетілген реквизиттерге ірі көлемде ақша аударған. Алаяқтардың құрбаны болғандардың арасында отандық футболдың танымал тұлғалары да бар болып шықты.
Біздің серіктес: FONBET