17 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дәулет Орынбасар Италия А Сериясының «Комо» клубының бақылауында, деп хабарлайды Aladop.kz.
Италиялық клубты Алматы академиясы түлегінің гол соғу қабілеті мен ептілігі тәнті еткен. Дегенмен, клуб сарапшылары оның физикалық деректерін, атап айтқанда 163 см бойын футболшының әлсіз тұстарының бірі ретінде қарастыруда.
Дәулет Орынбасардың соңғы уақыттағы көрсеткіштері өте жоғары. Ол 2024 жылдан бастап U-18 деңгейінде 53 ойынға қатысып, 65 гол соқты және 23 нәтижелі пас берді.
17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 4 матчта 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас беріп, өзінің талантын дәлелдеген болатын.
Бұл статистикалар жас таланттың халықаралық деңгейдегі әлеуеті зор екенін көрсетеді.
Цеск Фабрегас жаттықтыратын «Комо» өткен маусымда А Сериясында 4-ші орын иеленіп, өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алған.
Біздің серіктес: FONBET