Лондондық “Челсидің” түрік тілді фанаттар қауымдастығы — Chelsea FC Türkiye — Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ойын өрнегіне сипаттама беріп, оның басты артықшылығы мен кемшілігін жіпке тізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Алматылық “Қайратпен” қоштасып, Ағылшын Премьер лигасына аттануға дайын болған 17 жасар таланттың статистикасы мен трансферлік мүмкіндіктері қазір “Челси” жанкүйерлері арасында қызу талқыланып жатыр.
Шетелдік ресурс Қазақстандық шабуылшының биылғы маусымда көрсеткен нәтижесіне жоғары баға беріп, оның жасына қарамастан ірі турнирлерде ысылғанын алға тартты.
– 17 жасар жас талант биылғы маусымда барлық турнирлерді, соның ішінде жастар арасындағы Чемпиондар лигасын қосқанда 22 матчқа қатысып, 10 гол соқты және 3 нәтижелі пастың авторы атанды.
Түрік жанкүйерлері Дастанның алаңдағы басты қаруы ретінде “допты бақылауын” ерекше атап өтті. Оның жылдамдықта допты өз бақылауында ұстауы және қорғаушыларды алдап өту шеберлігі фанаттарды тәнті қылған.
Алайда, Ағылшын футболы — физикалық күрес пен бойшаң қорғаушылардың мекені. “Челси” фанаттары Сәтпаевтың Ұлы Британиядағы ең үлкен кедергісіне айналуы мүмкін әлсіздігін жасырмады.
– Дастан Сәтпаевтың ең үлкен кемшілігі — екінші қабаттағы, яғни әуедегі допқа таласу ойыны. Ол баспен ойнауда және әуедегі дуэльдерде қарсыластарына есе жіберіп алады.
Еске сала кетсек Дастан 26 маусымда анасымен бірге Лондонға ұшады.
Біздің серіктес: FONBET