Жарнама
Жарнама

Дастан Сатпаев “Бёрнли” сапындағы алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды

Бүгін, 14:33

18 жасар Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевтың Ағылшындық “Бёрнли” жейдесіндегі дебюті жақын күндері өтуі ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ол алғаш рет алаңға 23 тамыз күні шығады деп күтілуде.

Болжам бойынша, Сатпаевтың дебюттік матчы Чемпионшиптің екінші туры аясында өтетін “Вест Бромвичке” қарсы кездесу болмақ. Бұған дейін, 16 тамызда өткен бірінші турда “Бёрнли” өз алаңында “Вест Хэмді” қабылдап, ойын 2:2 есебімен тең аяқталған болатын. Алайда, бұл матчта Қазақстандық шабуылшы құжат мәселесі бойынша команданың өтініміне енген жоқ. 

Дастан Сатпаевтың трансферлік құқығы Лондондық “Челсиге” тиесілі. “Челси” жас футболшының тұрақты ойын тәжірибесін жинап, шеберлігін шыңдауы үшін оны бір маусымға “Бёрнлиге” жалға бердіп отыр.

Айта кетейік, өткен маусымда Премье лигадан түсіп қалған “Бёрнли” клубы биылғы маусымды Чемпионшипте өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров