Жарнама
Жарнама

"Қайрат" Рафаэль Уразбахтиннің тағдырына қатысты шешім қабылдады

Бүгін, 16:42

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін және Қазақстан чемпионатында екінші орында келе жатқан тұста, бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің қызметтен кетуі мүмкін деген қауесеттерге қатысты клубтың нақты ұстанымы белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қоғамдағы түрлі алып-қашпа әңгімелерге қарамастан, "Қайрат" басшылығы ішінде бапкерді ауыстыру туралы ешқандай әңгіме жүріп жатқан жоқ. Клуб басшылығы команданың соңғы айларда қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін жақсы түсінеді. Сонымен қатар, клуб бапкердің ойыншыларға қатысты айтқан ашық сынын сабырмен қабылдап, ұжым ішіндегі атмосфераны тұрақты әрі басқаруға болатындай жағдайда деп есептейді. Қазіргі уақытта Aлматылық ұжым өз бапкеріне сенім білдіріп, маусымның сәтті аяқталуын күтуде.

Клубтың "Левскиге" қарсы ойындардағы сәтсіздігіне бірнеше объективті себептер әсер еткен:

– Ауыр ойын кестесі.

– Александр Мартынович пен Жоржиньоның жарақат алуы.

– Дастан Сәтпаевтың командадан кетуі.

– Қарымта ойынның Түркістанға ауыстырылуы.

"Қайрат" Eурокубоктардағы алғашқы мақсатын орындағандықтан, ендігі басты назар Қазақстан Премьер лигасынааударылған. Клуб басшылығы мен ойыншылар "Ордабасыны" қуып жетіп, үшінші рет қатарынан чемпиондық атақты жеңіп алуға толық әлеуетіміз бар деп есептейді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров