Жарнама
Жарнама

СЭ: “Сәтпаев Чемпионшипте ойнау арқылы нағыз Ағылшын футболының қиындығы мен ерекшелігін сезінеді”

17.08.2026, 20:15

Дастан Сәтпаевтың "Бёрнлиға" ауысуы футбол сүйер қауым мен шетелдік БАҚ-тың назарын аударып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ресейлік "Спорт-Экспресс” басылымы бұл ауысуға қатысты пікірін білдіріп, Қазақстандық таланттың алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Лондондық "Челси” Сәтпаевты Алматылық "Қайраттан" сатып алу туралы келісімге 2025 жылдың ақпанында-ақ келген болатын. Алайда, халықаралық ережелерге сәйкес, бұл ауысу тек футболшы 18 жасқа толғаннан кейін ғана ресми түрде күшіне енді. Қазақстандық шабуылшы мен “Aқсүйектер” арасындағы келісімшарт 2033 жылға дейін есептелген, бұл клубтың жас ойыншыға үлкен сенім артатынын көрсетеді.

Дастан Сәтпаев "Челсидің" негізгі құрамымен бірге Австралия мен Азияда өткен жазғы жиынға қатысып үлгерді. Дайындық кезеңінде ол төрт матчта алаңға шығып, "Вестерн Сидней Уондерерс” қақпасына гол соғып, өзін жақсы қырынан көрсетті.

Ойын практикасын жетілдіру және Ағылшын футболына бейімделу мақсатында Дастан алдағы маусымды "Бёрнли" клубында жалда өткізеді. Сарапшылардың пікірінше, Сәтпаев Чемпионшипте ойнау арқылы нағыз Ағылшын футболының қиындығы мен ерекшелігін сезінуі тиіс. Бұл қадам жас футболшының тәжірибе жинап, алдағы уақытта "Челсидің” негізгі құрамына нық қадам басуына мүмкіндік береді.” – деп жазады басылым.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров