Жарнама
Жарнама

Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Ұлттар лигасының матчтарынан тыс қалады

Бүгін, 09:34

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Англияда алған жарақатына байланысты Ұлттар лигасының алдағы төрт матчына қатыса алмайды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Футболшы бұл жарақатты 2 қыркүйекте «Бëрнли» мен «Мидлсбро» арасындағы Чемпионшиптің 4-ші турында алған болатын. Негізгі құрамда алаңға шыққан Сатпаев 80 минуттай ойнап, санның артқы бұлшықеті ауырғандықтан алмасуды сұраған. Кейіннен оның тақым сіңірі зақымданғаны белгілі болды.

Мезгілінен бұрын алаңнан шыққанына қарамастан, 1:1 есебімен аяқталған бұл ойында Сатпаев матчтың үздік ойыншысы болып танылды. Алайда, келесі турда «Бристоль Ситиге» қарсы кездесудің өтініміне кірмеді. «Бëрнлидің» бас бапкері Ники Хайен форвардтың бірнеше аптаға қатардан шыққанын хабарлаған болатын.

Футболшыға құқықтары тиесілі Лондондық «Челси» клубы да реабилитация процесіне қосылып, «Бёрнлидің» медициналық штабымен бірлесе арнайы емдеу бағдарламасын жүргізуде.

Жарақатына байланысты Сатпаев Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы мына төрт кездесуін өткізіп алады:

• 26 қыркүйек: Фарер аралдары – Қазақстан

• 29 қыркүйек: Словакия – Қазақстан

• 2 қазан: Қазақстан – Молдова

• 6 қазан: Қазақстан – Фарер аралдары

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров