Қазақстан Ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының матчтары алдында кеңейтілген тізімдегі 13 футболшыдан бас тартып, соңғы құрамын айқындады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Команданың қорытынды өтініміне төмендегі ойыншылар енбей қалды:
– Мұхаммеджан Сейсен («Астана»)
– Сұлтанбек Астанов, Абинұр Нұрымбет (екеуі де — «Ордабасы»)
– Темірлан Ерланов, Талғат Кусяпов (екеуі де — «Ақтөбе»)
– Еркін Тапалов («Қайрат»)
– Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»)
– Владислав Васильев, Оралхан Оміртаев (екеуі де — «Оқжетпес»)
– Сағи Совет («Қайсар»)
– Алмас Төлеубай, Акмаль Бахтияров (екеуі де — «Елімай»)
– Дастан Сатпаев («Бёрнли», Англия)
Ұлттар лигасының жаңа маусымында Қазақстан құрамасы C дивизионының 3-тобында өнер көрсетеді. Ондағы қарсыластары — Словакия, Молдова және Фарер аралдары құрамалары.
Қазақстандық футболшылар алғашқы кездесуін 26 қыркүйекте қонақта Фарер аралдарына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET