Лондондық “Челсидің” бұрынғы қорғаушысы Бранислав Иванович Дастан Сатпаевқа қолдау білдіріп, клубты 17 жасар талантты ойыншыны басқа командаға жалға бермеуге шақырды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Иванович те Дидье Дрогбаның пікіріндей, жас шабуылшы өз дамуын дәл осы “Көктердің” жүйесінде жалғастыруы тиіс екенін айтты.
Сербиялық ардагер футболшы Сатпаевтың қазіргі деңгейіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Дастан ойынды көптеген жас шабуылшыларға қарағанда жақсырақ түсінеді.
“Оған аренда емес — сенім, шыдамдылық және ойын уақыты қажет. “Челсиде” үлкен ойыншылар дәл осы жолмен қалыптасады.” — деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, Иванович Дастанның мынадай қасиеттерін атап өтті:
– Алаңдағы сенімді іс-қимылдары
– Дұрыс шешім қабылдай білуі
– Допсыз үлкен көлемде жұмыс атқаруы
– Шабуылдарды аяқтаудағы шеберлігі
Бранислав Иванович Лондондық клуб Сатпаевқа бірінші командада өзін көрсетуге мүмкіндік береді деген үмітін білдіріп отыр.
Біздің серіктес: FONBET