Жарнама
Жарнама

Терезесі тең қарсыластар – “Тобыл” Литвада жеңіске жете ала ма?

Бүгін, 12:05

Бүгін Қазақстан уақытымен 20:30-да Конференция лигасы аясында Литваның "Паневежис" клубы мен Қазақстандық "Тобыл" командасы арасында маңызды кездесу өтеді. Ойын Литвадағы "Aukštaitija Stadium" стадионында өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Aukštaitija Stadium
Жарнама
Жарнама

“Паневежис” : Литвалық клуб соңғы ойындарында өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Олар соңғы 6 матчтың 5-інде жеңіске жеткен және тек бір рет қана "Džiugas Telšiaі” клубынан жеңілген.

"Тобыл” : Қостанайлық клубтың соңғы нәтижелері біршама тұрақсыз. Олар Еурокубоктарда “Галлен” командасынан екі рет жеңілсе (0:1 және 1:4), “Рузомберок” клубын бір рет жеңіп (1:0), бір рет ірі есеппен ұтылған (2:5). Дегенмен, соңғы жолдастық кездесуде Софиялық "Славияны” 1:0 есебімен ұтқан.

Эксперттердің пікірінше, екі команданың жеңіске жету мүмкіндігі тең.

– "Тобылдың” жеңісі : 37.33%
– “Паневежистің” жеңісі : 37.22%. (тең ойын ықтималдығы: 25.42%)

Бұл матч — күштері бір-біріне өте жақын қарсыластардың айқасы. "Тобыл” сәл де болса фаворит саналғанымен, “Паневежис” клубының соңғы уақыттағы жеңісті сериясы олардың өз алаңында айтарлықтай қарсылық көрсететінін аңғартады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров