Жарнама
Жарнама

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

Бүгін, 10:54

Бүгін, 22 шілдеде, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Кипрлік "Омония" мен Алматылық "Қайрат" арасындағы алғашқы матч өтеді. Ойын алдында Кипрлік клубтың бас бапкері Хеннинг Берг команданың ең қымбат ойыншысы Муамер Танковичтің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Transfermarkt нұсқасы бойынша "Омонияның" ең қымбат футболшысы саналатын Швециялық жартылай қорғаушының нарықтық құны 1,5 миллион еуроға бағаланған. Танкович Кипрлік клубқа 2025 жылдың қыркүйегінде "Пафос” сапынан еркін агент ретінде ауысқан болатын.

Жаттықтырушы Хеннинг Берг Танковичтің алдағы матчқа қатысуға мүмкіндігі бар екенін, бірақ оның алаңдағы уақыты шектеулі болуы мүмкін екенін айтты. Бергтің айтуынша, футболшының дайындық кезеңі қиындықтармен өткен, сондықтан ол әлі бабына толық келе қоймаған болуы мүмкін. Бапкер оның негізгі құрамда шығатынын немесе қосалқы құрамнан қосылатынын ойын алдында шешетінін жеткізді.

"Омония” мен "Қайрат" арасындағы бірінші кездесу Никосиядағы "ГСП” стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Ал екі команда арасындағы қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтетін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров