Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер лигасы клубтарының нарықтық құнына кезекті қайта бағалау жүргізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жаңартылған мәліметтер бойынша, Aлматылық "Қайраттың" жалпы құны айтарлықтай төмендеп, команда ең қымбат клубтар рейтингінде бесінші орынға тұрақтады.
Бұл өзгерістің басты себебі — 17 жасар Дастан Сәтпаевтың Лондондық "Челси” клубына ауысуы. Бұл трансферден кейін "Қайраттың” құрамы шамамен 3,5 миллион еуроға арзандаған.
Қазіргі таңда ҚПЛ-дағы ең қымбат бес клубтың көрсеткіштері келесідей:
– "Ордабасы” — 10,38 млн еуро
– "Астана" — 10,13 млн еуро
– "Тобыл" — 9,78 млн еуро
– "Ақтөбе” — 9,23 млн еуро
– "Қайрат” — 9,10 млн еуро
Осылайша, Шымкенттік "Ордабасы” ел чемпионатындағы ең қымбат құрамға ие клуб ретінде көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET