Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері, Нидерландтық маман Джон ван ’т Схип ҚПЛ-мен танысуды ресми түрде бастайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Инсайдтық мәліметке сәйкес, Схип мырза ел чемпионатының 21-турындағы "Жетісу" мен "Ордабасы” арасындағы матчқа барады.
Джон ван ’т Схип бұл ойынды Скот Маннмен бірге тамашалайды. Кездесу бүгін Талдықорғанда сағат 18:00-де басталады.
Бұл сапар жаңа бапкер үшін Қазақстан Премьер лигасының деңгейімен және ойыншыларымен танысудың алғашқы қадамы болмақ.
Біздің серіктес: FONBET