Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың “Челсидегі” болашағы – Юсуп Шадиевтің бағасы

Бүгін, 13:01

Қазақстан футболының ардагері Юсуп Шадиев Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондондық "Челси" сапындағы мүмкіндіктеріне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Маманның пікірінше, Сәтпаевтың бұл қадамы барлық Қазақстандық ойыншыларға үлкен жігер берді. Ол футболда кез келген нәрсенің мүмкін екенін және Қазақстандық жастардың да әлемнің үздік клубтарында ойнай алатынына сенім ұялатты.

Дегенмен, сарапшы қазіргі уақытта Дастанға "Челсидің” негізгі құрамына өту оңай болмайтынын атап өтті. Клубтағы бәсекелестік өте жоғары, өйткені оның позициясында ондаған миллион долларға сатып алынған қымбат футболшылар өнер көрсетеді.

Шадиев Сәтпаевтың дамуы үшін ең алдымен ойын практикасы қажет екенін айтты. Егер ол "Челсиде" жеткілікті уақыт ала алмаса, жалдау нұсқасын қарастыру артық болмайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров