Нидерландтық маман Джон ван’т Схип ресми түрде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл шешім бапкердің отанында үлкен талқылау тудырып, Нидерландтық футбол жанкүйерлері бұл қадамды түсініксіз қабылдады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Әлеуметтік желілердегі пікірлерге сүйенсек, Нидерланд жанкүйерлері бұл тағайындаудан кейін ван’т Схипті жоғары деңгейлі жаттықтырушы ретінде қабылдау қиын екенін айтуда. Кейбір қолданушылаp: "Оның агенті өте мықты болса керек” немесе "Жақсы адам, бірақ бапкер ретінде оны байсалды қабылдау мүмкін емес” деген сияқты сыни пікірлер қалдырған. Сондай-ақ, көптеген жанкүйерлерді "Неге дәл Қазақстан?” деген сұрақ мазалайды.
Дегенмен, Нидерландтықтар арасында Қазақстан футболына қатысты оң пікір білдіргендер де бар. Олар Қазақстан құрамасының соңғы жылдары күшейгенін және командада Сатпаев есімді нағыз вундеркинд барын атап өткен.
Айта кетсек, Джон ван’т Схип Қазақстан құрамасын тек төрт ай ғана баптайды.
Біздің серіктес: FONBET