Жарнама
Жарнама

Джон ван ’т Схип: Словакия – фаворит, бірақ Қазақстан үшін алғашқы матч маңызды

Бүгін, 10:40

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Ұлттар лигасындағы алдағы ойындар алдында команданың дайындығы мен топтағы қарсыластарына баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Нидерланд маманы оқу-жаттығу жиынының алғашқы күндері туралы айтып, футболшылардың ұлттық команда орналасқан жерге клубтарындағы ойындардан кейін жиналғанын жеткізді. Оның сөзінше, алғашқы жаттығу қалпына келуге бағытталған.

«Кеше оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы күн болды. Ойыншылар өз клубтарындағы матчтардан кейін келді. Сондықтан біз өте тыныш, қалпына келтіру жаттығуын өткіздік. Футболшылардың көңіл-күйін көтеріп, аяқтарындағы шаршау мен қысымды азайтуға тырыстық.» – деді ван ’т Схип Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бапкер команда әзірге толық құрамда жиналмағанын, алайда ұжымдағы ахуалдың жақсы екенін атап өтті. Ол футболшылармен жеке сөйлесіп, алдағы ойындарға дайындық мәселелерін талқылаған.

«Менің ойымша, энергия да, атмосфера да жақсы. Бүгін екінші жаттығуымызды өткіздік. Қазір осында жүрген футболшылардың әрқайсысымен жеке сөйлестім. Біртіндеп қарқын алып келеміз.» – деді маман.

«Словакия – фаворит»

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластарына да тоқталды. Оның пікірінше, топтағы Словакия құрамасының фаворит саналуына себеп бар.

«Әрине, Словакия – фаворит. Біз мұны білеміз. ФИФА рейтингін қараудың өзі жеткілікті.» – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Сонымен бірге Нидерландтық маман Қазақстан үшін ең маңыздысы – Словакиямен кездесуге дейінгі алғашқы ойынға барынша көңіл бөлу екенін айтты. Ұлттық құрама 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарымен кездеседі.

«Біздің Фарер аралдарына қарсы алғашқы ойынымыз өте маңызды болады. Бұл – ұзақ сапар. Одан кейін Словакияға барамыз. Сондықтан қазіргі уақытта ең бастысы – бірінші ойынға, яғни Фарер аралдарына қарсы кездесуге назар аудару.» – деді ол.

Ван ’т Схип Қазақстанның топтағы барлық қарсыластарын жақсы түсінетінін, бірақ қазіргі таңда өзінің командасына және енгізгісі келетін ойын жоспарына көбірек назар аударып отырғанын атап өтті.

12 күндегі төрт ойын

Қазақстан құрамасын алдағы кезеңде тығыз ойын кестесі күтіп тұр. Ұлттық команда қысқа уақыт ішінде төрт кездесу өткізеді.

Бас бапкер мұндай кестенің футболшылар үшін оңай болмайтынын атап өтті. Сондықтан құрамдағы барлық ойыншының дайын болуы маңызды.

«Бұл біз үшін де, қарсыластарымыз үшін де оңай матчтар болмайды. Ойыншыларға да қиын, өйткені қысқа уақыт ішінде төрт ойын өткіземіз. Біздің артықшылығымыз – құрамымыздың кең болуы. Сондықтан кімдерді ойынға қосуға болатынын қарастыра аламыз. Мен әр футболшыға дайын болу керегін айттым, өйткені бізге барлығы қажет болады.» – деді ван ’т Схип.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы науқанын 26 қыркүйекте Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы матчпен бастайды. 29 қыркүйекте команда Словакиямен қонақта ойнайды. Одан кейін Қазақстандықтар 2 қазанда өз алаңында Молдованы қабылдап, 6 қазанда Фарер аралдарымен қарымта кездесуді өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров