27 жастағы Қазақстандық шабуылшы Ерсұлтан Төреқұл ресми түрде Беларусьтің "Барановичи" клубының ойыншысы атанды. Бұл — футболшының өз елінен тыс жерде өнер көрсетудегі алғашқы тәжірибесі болмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Төреқұл — "Астана" тәрбиеленушісі. Мансабында "Жас-Сұңқар", "Ұлытау” және "Қайсар" командаларында ойнап, Қазақстан Премьер лигасында барлығы 28 матч өткізген.
Шабуылшы үшін 2023 жыл ең сәтті маусым болды. Сол жылы ол "Ұлытау" сапында Бірінші лиганың 19 матчында 32 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Ерсұлтан Төреқұл "Барановичиге” дейін соңғы рет "Қайсар" клубының намысын қорғаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET