Белгілі Ағылшын журналисі Люк Трауэр Лондондық ұжымның жаңа бапкері Хаби Алонсоның қол астында өнер көрсететін отандық таланттың болашағына қатысты өз ойымен бөлісті. Оның пайымдауынша, “Челси” Алматылық “Қайраттан” нағыз алмас тауып алған, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ұлы Британиялық сарапшы Сатпаевтың “Қайрат” сапындағы феноменалды өсу қарқынына ерекше тоқталды. Жас шабуылшы қысқа уақыт ішінде отандық клубта ғана емес, бүкіл Еуропада өзін мойындатып үлгерген.
Люк Трауэрдің сөзінше, “Челсидің” басшылығы болашақ команданы осындай жас әрі өте дарынды ойыншылардан құруды мақсат етіп отыр. Сатпаев жақын арада Лондондықтардың негізгі күшіне айналмақ.
“Болашақта бас бапкер Хаби Алонсоның қарамағына өтетін тағы бір жас талант — "Қайраттан” "Челсиге” қосылатын Дастан Сатпаев. Бұл жас шабуылшы Қазақстан чемпионатында өте жылдам өсіп, мансап баспалдағымен тез көтерілді. Оның ойынын Серхио Агуэромен салыстырады. Егер Көктер бұл таланттың әлеуетін дұрыс пайдалана білсе, онда олардың қолында нағыз жойқын күш, сирек кездесетін гауһар тас болады.” — деп мәлімдеді Ағылшын журналисі.
Біздің серіктес: FONBET