Жарнама
Жарнама

Евгений Ловчев ұлының Қазақстан құрамасынан не себепті кеткенін түсіндірді

Бүгін, 18:58

Кеңес футболының белгілі қорғаушысы, Мәскеудің «Спартак» клубының аңызы Евгений Ловчев ұлы Евгений Ловчев-кішінің Қазақстан құрамасында ойнаған кезеңі туралы айтып, оның ұлттық командадан кетуіне не себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы ол Чемпионат басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Евгений Ловчевтің ұлы Қазақстан футболында ұзақ жыл өнер көрсеткен. Ол «Жеңіс», «Қайрат», «Тобыл» және «Шахтер» клубтарының сапында ойнап, 2002 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атанған. Кейін «Астана» құрамында чемпион атанып, команда капитаны болды. 

Ловчев-кіші Қазақстан ұлттық құрамасына 2003 жылы шақырылып, 2004 жылға дейін команда сапында өнер көрсетті. Осы аралықта ол сегіз матч өткізіп, бір гол соққан. 

Алайда оның Қазақстан құрамасындағы мансабы ұзаққа созылған жоқ. Евгений Ловчевтің айтуынша, ұлы халықаралық матчтарға келген кезде құжаттарына қатысты ерекше жағдайға тап болғанын айтқан.

«Женя Қазақстан құрамасына шақырылған кезде мен одан: “Олар үшін қалай ойнайсың?” деп сұрадым. Ол маған келген кезде Ресейлік паспортын алып қоятынын, орнына Қазақстандық паспорт беретінін айтты. Мен таңғалдым. “Есіміміз тым белгілі ғой”, дедім. Содан кейін ол ұлттық құрамадан кетті”» – дейді Ловчев. 

Сонымен қатар Ловчев ұлының Қазақстан құрамасы сапында Португалияға қарсы матчта Криштиану Роналдудың ұлттық құрамадағы дебютіне куә болғанын атап өтті. 2003 жылғы кездесуде Португалдар 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Ловчевтің айтуынша, сол ойыннан кейін Португалия құрамасының бас бапкері Луиш Фелипе Сколари Қазақстандық футболшының ойынына арнайы тоқталған. 

Евгений Ловчев ұлының Қазақстандағы клубтық мансабын да жоғары бағалады. Футболшы ел чемпионы атанып, Қазақстан футболындағы елеулі жетістіктерге қол жеткізген.

Қазір Ловчев-кіші футбол саласындағы қызметін жалғастырып, Қазақстан мен Ресейде халықаралық «Спартак» қоғамының атынан бірнеше футбол мектебін дамытып жүр. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров