Жарнама
Жарнама

Forbes тізіміндегі миллионер Бірінші лига командасын сатып алмақ

Бүгін, 15:33

Танымал кәсіпкер, Forbes тізіміндегі тұлғалардың бірі Тұрсынғали Алагөзов Батыс Қазақстандық “Жайық” футбол клубының иесі атануы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Amanvibe.kz таратқан мәліметке сүйенсек, Бірінші лигада өнер көрсетіп жатқан Oралдық ұжымды сатып алу туралы ұсыныс кәсіпкердің үстеліне түскен. 

Алагөзов — еліміздегі ең бай 75 бизнесменнің бірі. Forbes рейтингінде 61-орында тұрған оның дәулеті 130 миллион долларға бағаланған. Ол — сусын шығаратын “Galanz bottlers” және танымал “Цесна” макарон өнімдері зауытының қожайыны.

Қазіргі таңда Оралдың “Жайық” клубы Бірінші лигада керемет нәтиже көрсетіп жүр. Маусым басындағы екі матчтың екеуінде де жеңіске жеткен команда турнир кестесінде екінші орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров