Жарнама
Жарнама

Капитан Нани жайлы шындықты жайып салды

21.04.2026, 18:33

“Ақтөбе” капитаны Иван Ордец команданың басты жұлдызы, Португалиялық Луиш Нанидің қазіргі жағдайы мен ойынына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қысқы трансфер кезінде Ақтөбеге ауысқан әлемдік футбол деңгейіндегі есімнің әр қадамы қазір жанкүйерлер мен мамандардың жіті бақылауында.

Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында Иван Ордец “Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы ойыншысының командаға келуі үлкен мәртебе екенін жасырмады. Капитанның айтуынша, Нани тек есімімен ғана емес, ісімен де үлгі көрсетіп жүр.

“Нани — бұл үлкен есім, нағыз кәсіби футболшы. Оның тәжірибесі біз үшін өте маңызды. Ол әр ойын сайын бабына еніп, деңгейін көтеріп келеді деп үміттенемін. Болашақта оның ойыны бұдан да жарқырай түсетініне сенімдімін.” — деді Иван Ордец.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров