Қазақстан ұлттық құрамасының және Ресейлік «Ахмат» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек өзінің жарақаты туралы ресми ақпарат шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшы Инстаграм парақшасында Ресей Кубогы аясындағы Воронеждік «Факелге» (2:1) қарсы өткен матчтан сурет бөлісті. Суретте оның алаңда отырған сәті бейнеленген, ал жазбасында: «Нағыз мықтылар берілмейді, олар аяғында ұтады» — деп жазды.
Бұған дейін «Ахматтың» бас бапкері Станислав Черчесов баспасөз мәслихатында Кенжебектің денсаулығына қатысты мәселелер бар екенін растаған болатын.
Бапкердің айтуынша, Кенжебек бірнеше күннен бері шап аймағындағы ауырсынуларға байланысты қиындықтарды сезінуде. Бұл жарақат оған Ресей Премьер лигасының алтыншы туры қарсаңында жалпы топпен толыққанды жаттығу жасауға мүмкіндік бермеді.
Жарақаттың ауырлық деңгейі мен футболшының қатарға оралу мерзімі медициналық тексерістен кейін анықталады.
Біздің серіктес: FONBET