Нидерландтық Fcupdate.nl басылымы Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі «Твенте» клубының қарсыластарына талдау жасап, жеребе қорытындысын оң бағалады. Сарапшылардың пікірінше, Нидерландтық ұжымға жеребеде бағы жанды деп айтуға толық негіз бар, деп хабарлайды Aladop.kz.
Басылымның мәліметінше, «Твенте» қиынырақ қарсыластардың орнына деңгейі төмендеу командалармен кездесетін болды:
– Екінші себеттен «Брайтонның» орнына «Пафос» клубы түстi.
– Үшінші себеттен «Хетафенің» орнына Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасы бұйырды.
– Төртінші себетте «Трабзонспордың» орнына Aлматылық «Қайрат» қарсылас атанды.
Нидерландтық БАҚ өкілдері: «Твенте» жеребеге еш шағымдана алмайды, себебі бұл топта ұпай жинауға және келесі кезеңге өтуге өте жақсы мүмкіндіктер бар.» — деп атап өтті.
Осылайша, Aлматылық «Қайрат» үшін бұл кездесу Eуропалық аренадағы үлкен сынақ қана емес, қарсыластың жоғары бағасына жауап беретін мүмкіндік болмақ.
Біздің серіктес: FONBET