Жарнама
Жарнама

«Генк» 17 жастағы Қазақстандық футболшымен ресми келісімшартқа отырды

Бүгін, 16:10

Бельгияның төрт дүркін чемпионы «Генк» клубы Қазақстандық жас футболшы Шахмұрат Даулетовпен алғашқы кәсіби келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

17 жастағы шабуылшы Бельгиялық клубпен келісімшартты үш жылға, яғни 2029 жылдың жазына дейін жасасты. Даулетов «Генкте» 77-нөмірмен өнер көрсетеді.

Клубтың мәліметінше, Қазақстандық футболшының кәсіби деңгейдегі алғашқы қадамы «Йонг Генк» сапында өтеді. Бұл команда Бельгия чемпионатының екінші дивизионында ойнайды. Алдағы уақытта Даулетовтің негізгі командаға біртіндеп бейімделуі жоспарланып отыр.

Шахмұрат Даулетов «Генктің» академиясына 2024 жылы Түркиялық «Антальяспордан» ауысқан. Жақында ол клубтың негізгі құрамында жолдастық кездесуде дебют жасап, «Фортунаға» қарсы матчта алаңға 87-минутта шықты. Сонымен қатар Қазақстандық ойыншы «Аякс» U-19 командасына қарсы кездесуде гол соқты.

Даулетов бұған дейін Бельгиядағы құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелерін реттеп, Қазақстан құрамасында ойнауға мүмкіндік алғанын айтқан еді. Жас футболшы Ұлттық құрамаға тезірек шақырылуды қалайтынын да жеткізген.

Осылайша, Шахмұрат Даулетовтің «Генкпен» кәсіби келісімшартқа отыруы оның мансабындағы маңызды кезеңге айналды. Енді Қазақстандық вингер Бельгия футболының екінші деңгейіндегі «Йонг Генк» құрамында тұрақты ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров