Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Игорь Семшов «Ахмат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың айналасындағы жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Семшовтың айтуынша, Самородов — алаңда өткір әрі көзге түсетін футболшы. Ол РПЛ-дің сегізінші турында 2 нәтижелі пас беріп, маусымдағы алғашқы нәтижелі әрекеттерін тіркедi.
Футболшының маусым басындағы нәтижесіз кезеңін Семшов жаз бойы «Спартакқа» ауысу туралы тараған сөздермен байланыстырады. Мұндай жағдайда кез келген футболшының ақпараттық шуды басынан толық шығарып тастауы оңай емес.
Трансферлік терезе жабылысымен Самородов бірден сапалы ойын көрсете бастады. Семшов өткен маусымда осындай ауысу туралы сыбыстар кезінде Лечи Садулаевтың да гол соға алмай қиналғанын мысалға келтірді.
Оның айтуынша, қазіргі сәтте Самородовқа «Спартакқа» ауысу мәселесін қысқа дейін қалдырып, «Ахматтың» турнирлік кестеде жоғары көтерілуіне көмектесуге зейін қойған жөн.
Семшов Грозный ұжымының әлеуеті өте жоғары екенін, бірақ жыл сайын маусым басын неліктен баяу бастайтыны түсініксіз екенін атап өтті.
Біздің серіктес: FONBET