Жарнама
Жарнама

УЕФА Атқарушы комитетінің шешімдері: Астанадағы Суперкубок және Ұлттар лигасындағы реформалар

15.09.2026, 15:42

УЕФА Атқарушы комитеті Грекияның Салоники қаласында отырыс өткізіп, алдағы жылдардағы финалдық матчтар өтетін стадиондарды бекітті және турнирлер құрылымына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

2028 жылы Еуропаның екі басты клубтық турнирі — Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары арасындағы УЕФА Суперкубогы матчы Қазақстан астанасында («Астана Арена») өтеді. Ал 2027 жылғы УЕФА Суперкубогы матчы Амстердамдағы «Йохан Кройф Аренада» ұйымдастырылады.

Еурокубоктардың финалдық матчтары өтетін орындар

УЕФА бірқатар Eyропалық клубтық турнирлердің финал иелерін ресми түрде жариялады.

– УЕФА Чемпиондар лигасы:2028 жылғы финал Мюнхендегі «Мюнхен Аренасында», ал 2029 жылғы финал Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтеді.
– УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасы: 2028 жылғы финал Лион-Десиндегі «Парк Олимпик Лионне» стадионында, ал 2029 жылы Кардиффтегі Уэльс Ұлттық стадионында өтеді [3].
– УЕФА Еуропа лигасы: 2028 жылғы финал Бухаресттегі Ұлттық аренада, ал 2029 жылы Белградтағы Сербия Ұлттық стадионында өтеді.
– УЕФА Конференция лигасы: 2028 жылы Туриндегі «Ювентус Стадионында», ал 2029 жылы Будапешттегі «Пушкаш Аренада» өтеді.
– УЕФА футзал Чемпиондар лигасы: 2027 жылғы финал Швейцариядағы «Биль/Бьенн Аренада» өтеді.

Ұлттар лигасының реформалары

УЕФА Атқарушы комитеті 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының лигалар арасында ауысу (жоғарылау/төмендеу) жүйесіне түзетулерді бекітті. Бұл өзгерістер 2028/29 маусымынан бастап Ұлттар лигасын төрт лиганың орнына үш лигадан тұратын жаңа тұжырымдамаға бірқалыпты көшіруге мүмкіндік береді.

УЕФА Атқарушы комитетінің келесі отырысы 7 желтоқсанда Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) өтпек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров